(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СУМЕН ЖАБДЫҚТ...

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

8 қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жылу электр станцияларының техникалық сумен жабдықтау жүйесінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулар

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Жылу электр станцияларының техникалық сумен жабдықтау жүйесінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Әдістемелік нұсқаулар жылу электр станцияларында (бұдан әрі - ЖЭС) техникалық сумен жабдықтаудың келесі гидротехникалық құрылыстарына таралады:

1) өзен және су қоймаларының тоғандары;

2) сорғыш станцияларының құрылыс бөлігі;

3) арынсыз және арынды су жолдары (каналдар, құбырлар) және турбина конденсаторларына суды әкелетін олардың жабдықтары;

4) арынсыз және арынды су жолдары (каналдар, құбырлар) және турбина конденсаторларына суды әкелетін олардың құрылыстары (сифонды құдықтар, акведуктар, дюкерлер, сарқырамалар және су шығаратын құрылыстар);

5) салқындатқыш су қоймалары;

6) арынды топырақты бөгеттер мен дамбалар;

7) суды ағызатын құрылыстар;

8) қысқы кезеңде тоғанды жылыту және температураны реттеу мақсатымен жылы суды беруге арналған құрылыстар;

9) жақын жатқан су көздерінен салқындатқыш су қоймаларын толықтыруды қамтамасыз ететін құрылыстар.

3. Аталмыш Әдістемелік нұсқауларда келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) техникалық сумен жабдықтау жүйесі - турбина конденсаторларын салқындатуға арналған суық судың көп мөлшерін тартуға және беруге арналған құрылыстар және жабдықтар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.